Қазақстанда «Бессмертный полк» акциясы онлайн өтеді
Жоба авторлары осылайша соғыс қаһармандарына құрмет көрсету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Жоба «Жаужүрек полкі» деп аталды, деп хабарлайды Orda.kz. ақпараттық порталы.
Бүгін Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 76 жылдығы. Жыл сайын бұл күні көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да батыр баба ұрпақтары қала көшелерінде салтанатты шеру өткізетін. Бірақ биыл да былтырғыдай пандемияға байланысты Қазақстандағы Жеңіс күніне арналған шеру кейінге шегерілді.

Дегенмен белсенділер ғаламторда батыр бабалар ерлігі туралы сөйлесуге болатын арнайы платформа құрды. Акцияға қатысу үшін qaharman1945.kz сайтына кіріп, жауынгердің суреті мен сипаттамасы бар сұраныс қалдыруға болады.
Жоба авторлары арасында Ұлттық пікірсайыс федерациясының президенті, YouTube каналының авторы Болат Бұқарбай, белгілі тележүргізуші Махаббат Есен, блогер Яков Федоров, YouTube каналының авторы Ave adicus Әшірбек Әділет бар.
Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар дивизиясы, төрт атты дивизия, жеті атқыштар бригадасы, 50-ге жуық бөлек полктер мен батальондар құрылды. 18-50 жас аралығындағы ерлердің 70 пайызға жуығы майданға аттанды.
Атақты 316-атқыштар дивизиясы, кейінірек ол 8-ші Панфиловшылар гвардиялық дивизиясына айналды, ол Алматыда 1941 жылы жазда Қазақ және Қырғыз КСР тұрғындарынан жасақталды. Дивизия Мәскеу түбіндегі ұрыстарда 1941 жылдың күзінде неміс армиясының алға жылжуын тоқтатып, жойқын тойтарыс беріп, аты шықты. Олар бүгінде 1941 жылдың 16 қарашасында Дубосеково торабында 28 панфиловшылар деген атпен танымал болған, батыр жауынгерлер тобы. Олардың командирі Иван Панфилов 18 қарашадағы шайқаста ерлікпен қаза тапты, содан кейін дивизия оның есімімен аталды.

Біздің жерлестеріміз ерлікпен шайқасты, олардың 497-сі Кеңес Одағының Батыры атанды, ал төртеуі - Талғат Бегелдинов, Сергей Луганский, Леонид Беда және Иван Павлов - екі мәрте КСРО Батыры. Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова қайтыс болғаннан кейін Ұлы Отан соғысының Батыры атанды. Олардың арасында Талғат Бигелдинов пен Бауыржан Момышұлы сынды қол бастаған қазақ батырларын ерекше атап өту керек.

Рейхстагқа бірінші болып Жеңіс туын тіккен – қазақ Рақымжан Қошқарбаев пен оның жауынгер досы Григорий Болатов болды. 150 жаяу әскер дивизиясының жауынгерлік журналында «1945 жылы 30 сәуірде сағат 14: 25-те лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Болатов ғимараттың орталық бөлігіне қарай еңбектеп өтіп, негізгі кіреберістің баспалдақтарына қызыл Туды ілді!» деп жазылған.
Бұл оқиға Кеңес Одағының Батыры Иван Клочковтың «Біз Рейхстагты алдық» кітабында нақты жазылған, онда «лейтенант Р.Қошқарбаев ең бірінші болып Рейхстагқа қызыл туды ілді» деп атап өтілген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық