Елімізде 800 адам коронавируспен екінші мәрте ауырған

cover

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, вирусты қайта жұқтырғандар вакцина алмаған.

- Әр адам өзін және жанындағы адамдарды қорғау үшін вакцина алғаны дұрыс. Әсіресе, 60 жастан асқан және созылмалы аурулары бар азаматтар екпе алғаны жөн. Еліміздің әрбір өңірінде, тіпті сауда орталықтарында екпе пункттері ашылды. Еліміздің барлық азаматы тегін вакцинаның тиесілі дозасын емін-еркін салдыра алады, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой .

Сонымен қатар министр күзге қарай Жамбыл облысында QazVac вакцинасын шығаратын зауыттың іске қосылатынын айтты. Қазір, зауытты іске қосу және жөндеу жұмыстары аяқталған. Құрал-жабдықтарды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазақстанда ғана емес өзге елдерде де короновируспен қайта сырқаттанғандар бар. Еуропада да мыңдаған адам екінші мәрте ауырған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар