Қазақстан-Қытай өткізу пункттері уақытша жабылды

cover

Қытай Қазақстанмен шекарасын уақытша жапты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Қытайдағы мереке күндерге байланысты «Нұр жолы», «Достық-авто» және «Бақты» өткізу пункттері 2021 жылы 1-3 қазан аралығында жұмыс істемейді. Мұндай ақпаратпен Мемлекеттік кірістер комитеті бөлісті.

«Бақты» өткізу пункті 2021 жылғы 3-4 қазан қытай тарапында дезинфекциялық құрылғылардың қысқы маусымға дайындауға байланысты жабық болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар