Қазақстан-Ресей арасында 85,6 млн тонна жүк тасымалданды

cover primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Ресей темір жолы» компаниясының бас директорының төрағасы Олег Белозеровпен кездесу өткізді.

Бұл туралы Orda.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Тараптар теміржол көлігі мен логистика саласындағы ынтымақтастықты екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде де нығайту мәселелерін талқылады.

– Біріккен көлік-логистикалық компаниясы – «Еуразиялық теміржол альянсы» АҚ («UTLC ERA») одан әрі даму перспективалары қарастырылды. Бұл интеграциялық жоба Қазақстан, Ресей және Беларуссия аумағы арқылы Қытай-Еуропа бағыты бойынша тұрақты пойыздар құрамында транзиттік контейнерлік тасымалдау қызметін ұсынуға бағытталған.

Қазақстан өзінің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға ерекше назар аударады. Теміржолды одан әрі дамыту, аймақтағы сауда мен транзит көлемін арттыру - біз үшін өте маңызды және басым міндеттер, - деді Мамин.

2020 жылы, пандемияға қарамастан, Қытай-Еуропа транзитінде Қазақстан арқылы тасымалданатын контейнерлі жүк көлемі 517,5 мың ЖФЭ құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 65%-ға көп.

2020 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалы 85,6 млн тоннадан асты. Бірінші тоқсанда екі ел арасындағы контейнерлік тасымал 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57%-ға өсті.

Отырысқа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр және «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев қатысты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар