Қазақстан чемпионы допинг қолданғаны үшін Олимпиададан шеттетілді

cover

Ауыр атлетикадан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, Қазақстан өкілі Ниджат Рахимов допингке қарсы ережені бұзғаны үшін уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 2016 жылы талдау сараптамасына өткізген сынама материалын (зәр) ауыстырды деп айыпталуда. 2017 жылғы Еуропа чемпионы румыниялық Думитру Каптари осындай ереже бұзғаны үшін шеттетілген болатын.

Рахимов 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында 77 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетті. Сол салмақта ол 2015 жылы әлем чемпионы атанды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар