Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасында Қазақстан көш бастап тұр

cover Фото: prosports.kz

Шахматтан Қазақстан ұлттық құрамасы Бүкіләлемдік онлайн олимпиадасында жоғары дивизионда көш бастап тұр. Оның үстіне біздің команда мықты қытайлықтарды, ал Жансая Әбдімәлік төрт дүркін әлем чемпионы Хоу Йифанды ұтты. Тағы бір қазақстандық Бибісара Асаубаева турнирдегі алты ойынның барлығын жеңді.

Бұл туралы Orda.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстанның Қытайға қарсы ойыны онлайн олимпиаданың төртінші турында өтті. Онда біздің шахматшылар алты ойынның үшеуінде жеңіске жетіп, тағы біреуін тең аяқтады - 3,5-2,5. Әбдімәлік пен Асаубаевадан басқа Рамазан Жалмаханов та жеңіске жетті.

Қазақстан бірінші турда Грузияны ұтты - 4,5-1,5. Денис Махнев, Динара Сәдуақасова және Ассаубаева Жалмахановпен бірге жеңіске жетті.

Екінші турда Қазақстан құрамасы Индонезиядан Сәдуақасова мен Асаубаеваның жеңістерінің арқасында 3,5-2,5 басым түсті.

Үшіншісінде Румыния жеңілді - 4-2, ал Асаубаева мен Жалмаханов жеңіске жетті.

Бесіншіде қазақстандық шахматшылар Арменияны ұтты - 3,5-2,5. Ринат Жұмабаев, Әбдімәлік және Асаубаева жеңіске жеткен ойындар тіркелді.

Ал алтыншы турда Қазақстан құрамасы Грекияны жеңді - 5,5-0,5. Рустам Хуснутдинов, Жансая Әбдімәлік, Гүлісхан Нахбаева, Қазыбек Нөгербек пен Бибісара Асаубаеваның есебіндегі жеңістер тіркелді.

Қазақстан қазір онлайн-олимпиадада Қытайдан екі ұпай озып, 12 ұпаймен жоғары дивизионды бастап тұр. Қазақстандық шахматшылар тобында тағы үш ойын қалды - Иранмен, Моңғолиямен және Австралиямен.

Онлайн олимпиадада жоғарғы дивизионның 40 командасы төрт топқа бөлінген, олардың әрқайсысында айналым бойынша турнир өтеді. Әр топтан үздік үштік іріктеу кезеңі, ширек финал, жартылай финал және финалдан тұратын плей-офф кезеңіне өтеді. Шахматтан онлайн әлем олимпиадасы Chess.com ойын алаңында қашықтықтан өтіп жатыр. Ол 15 қыркүйекте аяқталады.

Қазақстан құрамасының негізгі құрамында:

  • Ринат Жұмабаев (халықаралық гроссмейстер)
  • Денис Махнев (халықаралық гроссмейстер)
  • Жансая Әбдімәлік (халықаралық гроссмейстер)
  • Динара Сәдуақасова (халықаралық гроссмейстер)
  • Рамазан Жалмаханов (халықаралық мастер)
  • Бибісара Асаубаева ( халықаралық әйелдер гроссмейстері)

Қосалқы құрамда:

  • Рустам Хуснутдинов (халықаралық гроссмейстер)
  • Муртас Қажғалиев (халықаралық гроссмейстер)
  • Гүлісхан Нахбаева (әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер)
  • Гүлмира Дәулетова (Әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер)
  • Қазыбек Нөгербек (ФИДЕ шебері)
  • Меруерт Камалиденова (Әйелдердің халықаралық шебері)

Команда капитаны - халықаралық гроссмейстер Павел Коцур.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар