Қазақстан аштықтың алдында тұрған елдерге көмектеседі

cover

Қазақстан пандемия кезінде мұқтаж елдерге азық-түлік жеткізіп, көмек көрсеткен. Бұл көмек ары қарай да жалғасын табады, деп ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

Бұл туралы Orda.kz Информбюроға сілтеме жасап хабарлады.

2021 жылдың соңына қарай пандемия салдарынан 2 170 000 адам аштық зардабын тартады.

Оның ішінде Таяу Шығыс пен Оңтүстік Африка елдеріне азық-түлік жетпеуі мүмкін. Себебі олардың геосаяси жағдайы нашар.

10 жылға жуық Қазақстан «Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына» мүше елдерге миллиондаған тонна бидай мен ұн жеткізді. 4 жыл бұрын осы ұйымға мүше елдердің 4 млн астам адамы аштық зардабын тартқан. Жыл сайынғы шығын – 67 млрд доллар.

Саяси қақтығыс жиі орын алатын Ауғанстан, Конго, Ливия, Йеменнің экономикасы жылдан жылға нашарлап барады.

Сондықтан, аштықты алдын алу үшін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы 2031 жылға дейінгі стратегиялық жоспарларын бекітті.

Айта кетсек, 9 қыркүйек Қазақстан осы ұйымның төрағасы болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар