Қазақстанға 481 жолаушы ПТР-тест анықтамасынсыз ұшып келген

cover

Кеше Қазақстанға ұшақтарымен келген жолаушылардың 82 пайызында ПТР-тест анықтамасы болмаған, деп хабарлайды ORDA.kz.

Өткен тәулікте Қазақстан аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдива, Мысыр, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Украина, Қырғызстан және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейстері ұшып келді. Жолаушылар қатарында 481 жерлесімізде тиісті ПТР-тест анықтамасы болмаған. Бұл сандар жалпы көрсеткіштің 82%-ын құрайды. Жолаушылар келген бойда ПТР-тест тапсырып, нәтижесін енді карантиндік стационарларда күтуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар