«Автобус жолақысы 500 теңге»: Депутаттар бұл бағамен келісе ме?
Фото: gov.kz
Мәжіліс депутаты Никита Шаталов қоғамдық көліктегі жолақының 500 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін емес екенін айтты. Депутат мұндай ақы қазақстандықтардың табысына да сәйкес келмейді деп есептейді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бірнеше күн бұрын Энергетика министрінің бұрынғы кеңесшісі, сарапшы Олжас Байділдинов автобуспен жүру құнын 500 теңге дейін өсіру керегін айтып, қоғамды дүрліктірді. Оның айтуынша, жолаушылар жол қашықтығына қарай әртүрлі баға төлеуі керек екен.
Никита Шаталов қоғамдық көлікті табыс көзі емес, ең алдымен қала тұрғындарына қызмет құралы ретінде қарау керектігін айтты. Депутат 500 теңге болатын тарифті жұрттың қалтасы көтермейтінін, табысына сәйкес келмейтінін баса айтты.
Депутат кейбір жағдайларда адам тасымалдайтын көліктердің құны жоғары екенін ескертті.
«Жол жүру қашықтығына немесе жолаушылар ағынының төмен болуына байланысты бір жол жүру құны бір жарым мың теңгеге жетуі мүмкін маршруттар бар. Мысалы, таулы жерлерге баратын көліктер бар. Мұндай жағдайларда кросс-субсидиялау қолданылады және бұл қалыпты жағдай», — деді ол.
Айта кетейік, бүгін, 15 қазан күні мәжіліске жаңа депутат келді. Әбутәліп Мүтәлі жуырда ғана Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалып, өкілеттілігін тоқтатқан Жұлдыз Сүлейменованың орнына жайғасты.
Жаңалықтар
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді