«Аутист балаларды өлтіру керек»: Блогер желіде жазған пікіріне жауап береді
Фото: Әлеуметтік желіден
Autism Kazakhstan ұлттық қауымдастығы Бас прокуратураға және ҚР ІІМ-не блогер Райхан Жұмамұратованың пікіріне қатысты ресми шағым жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Блогердің әлеуметтік желідегі пікірі қоғамда дүрбелең тудырды. Еске салайық, тамыз айының соңында Алматыда анасының жанында жүрген кішкентай баланың қасына белгісіз жасөспірім келіп, оны еш себепсіз көтеріп, бар күшімен жерге лақтырып жіберген еді. Блогер Instagram желісінде осы оқиға бейнесінің пікір бөлімінде жазба қалдырған.
«Аутист балалар көп болып кетті. Оларды емдету керек, емделмесе өлтіру керек. Немесе оларға арнап аурухана ашу керек» деп жазған блогер.
Дамуында өзгерісі бар балалардың ата-аналары блогердің бұл пікірін зорлық-зомбылыққа шақыру және осал балаларға деген өшпенділік деп санады. Сондықтан қауымдастыққа жаппай шағым түсе бастады. Кейін құқық қорғау органдарына ресми өтініш жіберілді. Алматы полициясы осы факті бойынша тексеруді бастады.
Айта кетейік, Алматыда кішкентай баланы жерге лақтырған жасөспірімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтар
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр