Ауада қалқыған мигранттар: бұған кім кінәлі?

cover

ORDA. редакциясы құжатсыз жүрген мигранттардың бірімен байланысқа шықты.

Маргуба Бегматова ҚР аумағында 20 жыл қоныстанып келе жатқан Қырғызстан азаматшасы өз оқиғасымен бөлісті.

Тілші: Неліктен сіз құжатсыз қалдыңыз?

Маргуба Бегматова: Менің құжаттарым бар. Бірақ қызымның жеке куәлігі жоқ. 22 жасар қызым әлі туу туралы куәлікпен жүр.

Мадина Бегматова

Тілші: Сіз мұндай жағдайға қалай тап болдыңыз?

Маргуба Бегматова: Мен Бегматова Мадинаның анасымын. Біз Қырғызстан азаматтарымыз. Қазіргі таңда қызымның жеке куәлігі жоқ. Себебі кезінде жұбайым, Мадинаның әкесі, жеке куәлігін дүкенде кепілдікке беріп кеткен. Кейіннен біз оны таппай қалдық.

Тілші: Сонда сіздің жұбайыңызда да құжаттары жоқ па?

Маргуба Бегматова: Жоқ, оны жасаттық. Әкесінің куәлігін елшілік арқылы жасатып келгенше, Мадинаның жеке куәлігін жасататын уақыт өтіп кетті. Содан соң көптеген құжаттарды жинау қажеттілігі туындады. Қаражат болмағандықтан куәлік жасауды біразға шегердік.

Қазақстанда тұрып жатқанымызға міне 20 жыл болып қалды, 2000 жылдары көшіп келгенбіз. Қызым тек туу туралы куәлігімен жүр. Жақында қызым ана атанды. Немеремде құжатсыз қалды.

Раяна- Мадинаның қызы

Тілші: Сіздер ресми органдарға хабарластыңыздар ма?

Маргуба Бегматова: Біз күйеуімнің жоғалған құжаттарын қайта рәсімдеу үшін қырғызстанның қазақстандағы бас консулы Бақыт есімді кісіге көмекке жүгінгенбіз. Екінші рет көмек сұрап барсам, ол кісі ауысып кетіпті. Жаңа адамдар суық қарсы алды. Осыдан кейін елшілікке бармадым да, мүмкіндік те болмады.

Тілші: Қазіргі таңда отбасыңызда неше адам жеке куәліксіз жүр?

Маргуба Бегматова: Басқа балаларымда қырғыз азаматтығын растайтын төлқұжаттары бар. Тек осы баламда сондай жағдай орын алып қалды.

Тілші: Жеке куәліксіз ҚР аумағында қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

Маргуба Бегматова: Қазір біз Алматыда тұрамыз, қызым Шонжыда пәтер жалдап тұрады. Өзі жалғызбасты ана. Не жеке куәлігі жоқ, не мекенжай анықтамасы жоқ. Осының салдарынан үйіміз жоқ, тұрғылықты жұмыс орнымыз жоқ.

«Нижняя Пятилетка» жақта қазақ баланың үйінде құрылысшы болғанбыз. Ол бізге жұмыс ақысын төлемей қуып жіберді. Құжаттарымыз болмағандықтан ештеңе дей алмадық. Ақшасыз қалып, біраз қиналдық.

Сол жерде жұмыс істегенде қазақ бала құжаттарымызды жыртып тастады. Сүйтіп мен 2006 жылы құжаттарымды қайта жасаттым. Орыс әйелмен танысып, ол бізге көмектесті. Сол арқылы менің жыртылған құжаттарымды қайта жасатып келгенбіз.

Қазіргі таңда бізде төрт адамда ықтиярхат (вид на жительство - ескерту ОРДА.) жоқ. Мадинада жеке куәліктің болмауынан оның қызына тіпті туу туралы куәлік ала алмай отырмыз.

Көріп тұрғандарыңыздай, біз статистика құрудан көш бастап тұрмыз. Алайда, басына іс түскен азаматтарға қандай көмек көрсете аламыз?

Ресми органдардан сұрастыру кезінде:

«ҚР аумағында құжатсыз жүрген азаматтар заң аясында депортацияланады», - деді.

Қашып жүрген адам жоқ, тек алдынан шығатын үкімет бар ма? деген сұрақ туындайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар