Ауғанстандағы қандастар елге жеткізілді

cover

Мемлекет басшысы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 9 қырқүйек күні Ауғанстанда тұратын бір топ қазақ елімізге сәтті эвакуацияланды.

Бұл туралы Orda.kz президент хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

Кабулдан Алматыға арнайы рейспен 35 қандас. 4 Қазақстан азаматы және БҰҰ-ның 1 қызметкері жеткізілді.

Президент дипломаттарымызға және игі істі ұйымдастыруға атсалысқан барлық ведомство қызметкерлеріне алғыс айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар