Ауған—Тәжік қақтығысындағы Қазақстанның рөлі

22 маусымда Ауғанстан аумағындағы Талибтар мен Ауған әскерінің арасындағы қақтығыс күшейіп, 17 талиб көрші Тәжікстан аумағына шегінуге мәжбүр болды. Көрші елдер осы оқиғадан кейін шекараларын бекітіп, қауіпсізідіктеріне алаңдаушылық білдірді.
Orda.kz редакциясының тілшісі қақтығыстың артында қандай қауіптің бар екендігін анықтау үшін сарапшымен тілдесіп көрді.
Бәрі қалай басталды?

АҚШ Ауғанстандағы әскери базасын келісім бойынша 1 мамырда шығарудың орнына оны 11 қыркүйекке шегерді. АҚШ-тың бұл шешіміне Талибтар қарсылық ретінде Ауғанстандағы билікті күшейткен. Қазіргі таңда Талибтар Ауғанстанның 40 округін, яғни, 70 пайызын билеп келеді.
22 маусымда Талибтар мен Ауған әскерінің арасындағы кикілжің ушықты. Салдарынан 17 талиб амалсыздан көрші Тәжікстанның Учкук шекарасына кіруге мәжбүр болды. Өз кезегінде Тәжікстан ресми түрде талибтардың территориясына кіруге қарсылық білдірмеді. Алайда, көрші елдер өз қауіпсіздіктеріне алаңдаушылық танытып, шекараларын күшейткен.
Неге әлем елдері Талибтар билігінен сақтанып отыр?

Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабековтың айтуынша, Талибтардың жеңісі әлемге үш түрлі қауіп әкеледі:
- Теракттар саны күрт артуы мүмкін. Себебі, Ауғанстанда мұндай ұйымдар көп. Олар толыққанды билікке келсе, өз билігін басқа елдерде де орнатуға тырысулары мүмкін.
- Әлемде есірткі саудасы күшейе түсуі мүмкін. Ауғанстан есірткі шығаратын үлкен орталықтардың бірі болғандықтан, олар оны көрші елдерге сатуға тырысады.
- Босқындар көбейеді. Ауғанстаннан қашқан босқындар әлемде үлкен қиындық туғызуы мүмкін.
Міне, осы жоғарыда аталған үш себептің кесірінен әлем елдері Ауғанстандағы жағдайға көз жұмып қарай алмайды.
Қазақстанға мұның бәрі қалай әсер етеді?

Ел ішінде АҚШ Ауғанстаннан әскери базасын шығарып, Қазақстанға кіргізуі мүмкін деген сыбыс шыққан. Оған АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер себепкер болды. Ол журналистермен кездесу барысында келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтқан. Сондай-ақ, АҚШ әскери базасын Қазақстанға орналастыратын болса, Қытай қандай қадамға барады деген сұрақ туындады.
Сарабековтың айтуынша, бұл мәселеге еш алаңдаудың қажегі жоқ.
– АҚШ қыркүйекте әскери базасын Ауғанстаннан шығарған соң, оны Орталық Азияда орналастыруға ниетті екенін айтқан. Бірақ ол дәл Қазақстанда болады деген ресми айтылмады.
Ал Қытайға келер болсақ, олар мүлде мұндай мәлімдеме жасамады. Сондықтан, Қазақстанда жақын арада өзге елдің әскери базалары орналасады деп болжауға әлі ерте.
Сарапшы Ауғанстан мен Тәжікстан арасында ешқандай да қақтығыс болмағанын және оған Қазақстанның еш қатысы жоқтығын алға тартып, орынсыз болжам жасамауға шақырды.
Жаңалықтар
- «Қашып үлгермеді»: Алматы облысында төбеттер бастауыш сынып оқушысын талап тастады
- «Буындырып тастаймын»: Екібастұзда ойын алаңындағы балаға бір әйел шабуыл жасады
- Даниал Ахметовтің күйеу баласы ҚТЖ басшысы болып тағайындалды
- Екатеринбургтегі азаптау: Әзірбайжан Ресей күш құрылымдарына қарсы іс қозғады
- Талдыкөлден су тартқан Алматы әкімінің бауырлары жазалана ма?
- «Құлағын жұлып алды»: Алматы облысында 10 жастағы баланы төбеттер талап тастады
- Дәурен Абаев Адам Қадыровтың тойына не себепті барғанын түсіндірді
- Ең ауыр жаза – 22 жыл: Ақтөбеде төбелес шығарған 10 айыптыға үкім шықты
- Тоқаев алғысын айтты: Антикор басшысы Асхат Жұмағали қызметінен кетті
- Бұрынғы еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды
- Алматыда босанған әйелдің ішінен тоғыз айдан кейін таңғыш табылды
- «Жалған ДНҚ»: Қарағанды соты сәбилерді заңсыз асырап алу ісі бойынша үкім шығарды
- Атырауда ер адам бұрынғы әйелін жұмыс орнында өлтіргені үшін сотталды
- Адам Кадыровтың үйлену тойына Қазақстан елшісі қатысты
- Бакуде ФСБ агенттері ұсталды
- Зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысының әйелі күдікке ілінді
- «Генерал-майор»: Қазақстанда әскер қолбасшысы ұсталды
- Әділет экс-министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды
- Бетті тұмшалайтын киімге тыйым салынды
- «Жат елден бұйырған топырақ»: Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиевтің ғұмыры