Ауғанстанға кедейшілік пен аштық қаупі төніп тұр – БҰҰ

cover

Егер халықаралық қауымдастық қаржылай көмектеспесе, Ауғанстанда жаппай ашаршылық басталады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өткен брифингте Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының басшысы Дебора Лайонс осындай мәлімдеме жасады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Халықаралық қауымдастық қаржылай көмектеспесе, миллиондаған адамдарды кедейлік пен аштыққа душар ететін, Ауғанстаннан босқындардың жаппай ағынын тудыратын ауыр экономикалық құлдырау болады, - деп ескертті ол.

БҰҰ миссиясының басшысы шет елдер Ауғанстанды миллиардтаған долларлық қаржылық активтер мен қаражаттан айырғанын айтты. Бұған себеп талибандардың билікке келуі болуы мүмкін.

Лайонстың айтуынша, импортқа қатты тәуелді Ауғанстан азық-түлік пен дәрі-дәрмектің, сондай-ақ отын мен электр энергиясының импорты үшін өздігінен қаржы төлей алмайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар