Атырау облысында екі жаңа ауыл салынады

cover

Атырау облысында екі жаңа ауылдың құрылысы басталады. Болашақ және Шипажай елді мекендеріне 468 отбасы қоныстанады.

– 468 жер учаскесінде 13,1 шақырым кент ішілік жолдар, 41,4 шақырым электр жарығы, 27,4 шақырым су құбыры және 21,4 шақырым газ құбыры салынды, – деп хабарлады аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының м.а. Рената Нұғманова.

Инфрақұрылымның негізгі құрылысы аяқталған. Жобаның жалпы құны – 1,5 млрд теңге. Болашақ пен Шипажай елді мекендері Ресей шекарасына жақын орналасқан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар