Атырауда ҰҚК департаментінің қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Envato
Атырауда ҰҚК департаментінің 32 жастағы жедел уәкілін есірткінің ірі партиясымен ұстау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Orda.kz тілшісі Атырау облысының полиция департаментіне түсініктеме алу үшін жүгінді. Себебі ҰҚК қызметкерін есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады.
«Бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 201-бабына сәйкес прокуратура органдарымен келісу талап етіледі. Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. Деректер тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбаса прокурордың рұқсатымен мүмкін деп танылатын көлемде ғана жарияланады», деп хабарлады ведомство.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҰҚКД жедел уәкілінің Атырауда ұсталғаны белгілі болды. Бастапқыда қылмыстық іс ҚР ҚК — нің 296-бабы (2-бөлігі) «есірткіні заңсыз ұстау» бойынша тіркелді. Алайда кейінірек қылмыстық іс сол баптың төртінші бөлігіне («ірі көлемде сақтау») ауысты. Күдіктінің үйінде тінту жүргізілді. Қатардағы жедел уәкіл, тек үш жыл жұмыс істеген.
Жаңалықтар
- Өз әкесін азаптаған тұрғынның жазасы қатаңдады
- Прокурорлар Жақсылық Омарға алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Ақтөбеде ер адам өз үйіне түскен ұрыны өзі ұстап алды
- «Болашақ» бағдарламасында қандай өзгерістер болады? Саясат Нұрбек жауап берді
- Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды
- Боқаевтың жақтастары оған қатысты істі тікелей эфирде ашық түрде қарауды талап етті
- Тоқаев Ресейдің жетекші мыс өндіретін компания басшысымен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады
- Қаныш Сәтбаев: халқым менен де биік. Қазақстандағы қазбалы байлықтың ғылыми жүйесін құрған ғалым
- Сағын сындыру үшін жасалған әрекет: Заңгер Әділетхан Молдаханның інісі мәлімдеме жасады
- Жетісулықтар тағы бір жер асты дүмпуін сезді
- Бес әнімнің ақысын бермеді деген композиторға әншінің өзі арыз жазды
- Ұсталған Әділетхан Молдахан туралы не белгілі?
- Сәуірден бастап бақылау күшейеді: аударымдар да назарда
- Елімізде пойыз қозғалысын реттеуде Starlink спутник жүйесі қолданылады
- Баян Алагөзова: Радикализм, «Алтын Ханым» және әл-Фарабидегі апаттар
- Жетісу облысында магнитудасы 5,4-ке тең жер сілкінісі болды
- Алматыда әр бесінші мопед тіркелген: Курьерлік қызметтер мотокөлікті көбейтіп жіберді
- Алматы облысында автобус пойызбен соқтығысты: зардап шеккендердің жағдайы қандай?
- Елімізде 400-ден аса жеке емшара кабинеті лицензиясыз қызмет көрсеткен
- Санжар Боқаев бұлтартпау шарасымен екі айға қамалды