Атырауда колледждің студент қыздары төбелес шығарды

cover

Атырауда бизнес және құқық колледжінің үш студенті төбелес шығарды. Әлеуметтік желілердегі видеоға сүйенсек, бір қызды жерге құлатып, бетіне жұдырықпен ұрған.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, видеодағы бұзақылық жасаған қыздар ұсталып, ата-анасымен бірге қалалық полиция басқармасына шақырылған.

– Үш жасөспірімнің ата-анасына қатысты 435-бап бойынша хаттама толтырылды (кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық), құжаттар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотқа жіберілді, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, колледж басшылығы жас бұзақыларға шара қолдану үшін сот қаулысын күтіп отыр. Айта кетерлігі олардың екеуі грантта оқиды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар