Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

cover Фото: әлеуметтік желіден

Бүгін, 7 сәуірде Атырау қаласында қалалық қоқыс полигоны өртенді. Қала тұрғындарының айтуынша, түтін мен күйік иісі қаланың әртүрлі аумағында сезілуде, деп хабарлайды Orda.kz. 

Әкімдік мәліметінше, өрт туралы хабар таңғы 6:30-да түскен. Оқиға орнына бірден өрт сөндірушілер, арнайы техника және басқа да қызметтер барған. Қазіргі уақытта құтқарушылар өртті оқшаулауға тырысып жатыр. 

«Қазіргі уақытта өртті сөндіру және оның ошағын оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады әкімдіктегілер.

Өрттің аумағы нақтылануда. Оның неден тұтанғаны әлі белгісіз. Зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар