Атырауда депутаттың қатысы бар компания салған үйлер қирап жатыр

cover Фото: Тұрғындар жіберген фотосурет

Атыраудағы Талқайран шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлердің қабырғалары қақырап, жергілікті халық дабыл қағып отыр. Мемлекеттік бағдарлама аясында бес жыл бұрын салынған коттедждерде күрделі ақаулар пайда болған. Құрылысты «БатысАлянсСтрой» компаниясы жүргізген. Оның құрылтайшысы бұрынғы мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов болған, деп хабарлайды Orda.kz. 

Тұрғындар үйдің қасбеттері мен ішкі бөлмелерінде жарықшақтар көбейгенін айтады. Кейбір баспаналардың іргетасы да бүліне бастаған.

«Жөндеу бұл жағдайды түзетпейді. Мұнда тұрудың өзі қорқынышты. Балаларымыздың қауіпсіздігіне алаңдаймыз», — дейді тұрғындар.

Олардың болжамынша, мәселе құрылыс кезіндегі салғырттықтан немесе сапасыз материал қолданудан туындаған.

Әкімдіктің дерегінше, 2018 жылы «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 60 үй салынған.

«Бұл үйлердің кепілдік мерзімі 2020 жылы аяқталған. 2023 жылы мердігер компания жарықтардың бетін жапқан. Қазір жаңа шағымдарға байланысты тағы бір тексеріс басталды. Құрылыс компаниясы тексеруді өз қаражаты есебінен жүргізеді», — деп сендірді шенеуніктер.

Айта кетейік, Түркістан облысының Алғабас ауылында 18 қарашада ірі өрт шықты. 360 шаршы метрлік жеке үйде болған апат салдарынан 12 адам қаза тауып, үш адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар