Атырауда келіншек төрт айлық баласына 38 рет пышақ сұққан

Атырауда төрт айлық баласына 38 пышақ жарақатын салған келіншекке сот үкімі шықты.
«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, іс екі ай бойы Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған.
Сотта 42 жастағы әйелдің параноидтық шизофрениямен ауырғаны және қылмыс жасаған кезде есін білмегені дәлелденді. Сот үкімін жариялау кезінде әйелдің туыстары қатыспады, ал күйеуі үкімді желіде тыңдады. Әйел психиатриялық орталыққа жатқызылды.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 16-бабына сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігінде көзделген әрекетті есі дұрыс емес жағдайда жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу тағайындалсын» деп судья Зарема Хамидуллинаның үкімі шықты.
Белгілі болғандай, келіншек баласы қатты жылағаны үшін оны өлтірген. Туыстары 42 жастағы әйелдің мұндай оғаш қылығын алғаш рет сәбиге қырық күн болғанда байқаған.
Жаңалықтар
- «Қашып үлгермеді»: Алматы облысында төбеттер бастауыш сынып оқушысын талап тастады
- «Буындырып тастаймын»: Екібастұзда ойын алаңындағы балаға бір әйел шабуыл жасады
- Даниал Ахметовтің күйеу баласы ҚТЖ басшысы болып тағайындалды
- Екатеринбургтегі азаптау: Әзірбайжан Ресей күш құрылымдарына қарсы іс қозғады
- Талдыкөлден су тартқан Алматы әкімінің бауырлары жазалана ма?
- «Құлағын жұлып алды»: Алматы облысында 10 жастағы баланы төбеттер талап тастады
- Дәурен Абаев Адам Қадыровтың тойына не себепті барғанын түсіндірді
- Ең ауыр жаза – 22 жыл: Ақтөбеде төбелес шығарған 10 айыптыға үкім шықты
- Тоқаев алғысын айтты: Антикор басшысы Асхат Жұмағали қызметінен кетті
- Бұрынғы еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды
- Алматыда босанған әйелдің ішінен тоғыз айдан кейін таңғыш табылды
- «Жалған ДНҚ»: Қарағанды соты сәбилерді заңсыз асырап алу ісі бойынша үкім шығарды
- Атырауда ер адам бұрынғы әйелін жұмыс орнында өлтіргені үшін сотталды
- Адам Кадыровтың үйлену тойына Қазақстан елшісі қатысты
- Бакуде ФСБ агенттері ұсталды
- Зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысының әйелі күдікке ілінді
- «Генерал-майор»: Қазақстанда әскер қолбасшысы ұсталды
- Әділет экс-министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды
- Бетті тұмшалайтын киімге тыйым салынды
- «Жат елден бұйырған топырақ»: Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиевтің ғұмыры