Атырауда 2 қызының көзінше әйелін өлтірген ер адамға үкім шықты
Фото: Әлеуметтік желіден
Биыл 19 тамызда Атыраудағы тұрғын үйлердің бірінде күйеуі әйелін ұрып-соғып өлтірді. Әйелдің жасы 39-да еді. Марқұмның артында екі кішкентай қызы қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Марқұм Ләззаттың туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға болған күні күйеуі Тимур Кабдрахитов оны әдеттегідей ұрып-соға бастаған. Аяусыз соққының бірі әйелдің желкесіне тиген. Дәл осы жарақат оның өліміне себеп болған. Қайғылы жайт 6 және 12 жастағы қыздарының көз алдында болған. Ләззат күйеуімен 14 жыл бірге отандасқан екен.
«НеМолчи.kz» қорының мәліметінше, сот Тимур Кабдрахитовты кісі өлтірді деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда құқық қорғаушылар бұл жазаны тым жеңіл деп есептейді. Олардың айтуынша, сот әкенің өз балаларына келтірген психологиялық зардабын ескермеген. Сондай-ақ, сотталушы жедел жәрдем шақырмай, алдымен әпкелеріне қоңырау шалғаны да назардан тыс қалған.
Қазір екі қыз бала аналарының өлімінен кейін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Ләззаттың анасы зағип жан болса да өзге жақындары балаларды асырап алуға ниет білдірмеген.
Айта кетейік, Атыраудағы Яна Легкодимованы қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған екі сотталушы үкімге апелляциялық шағым түсірді. Олардың қорғаушылары өмір бойына кесілген жазаны жеңіл жазаға ауыстыруды сұрап отыр.
Жаңалықтар
- Tiger Films «Руың кім?» фильміне қатысты даудан кейін кино түсіруді тоқтатады
- «Жала жапты»: Түркістан облысында студент қызды зорлап өлтірген өзбек азаматы өмір бойына сотталды
- Ақтау қаласында жасөспірімдер оқушыны зорлап, қолын пышақпен тілгілеген
- «Мен өзім сотқа жүгіндім»: Маңғыстау әкімі экс-депутаттан туған ұлына қатысты өз шындығын айтты
- Атырауда 2 қызының көзінше әйелін өлтірген ер адамға үкім шықты
- ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы ұсталды
- Тоқаев Трампты Қазақстанға шақырды
- Дмитрий Бивол бұрынғы жұбайын сотта жеңіп шықты
- Яна Легкодимованы өлтіріп, өмір бойына сотталғандар апелляциялық шағым түсірді
- «2 млрд теңге жымқырған»: Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы мен әріптестері ұсталды
- Алматыда оқытушыға пышақпен тап берген студент 7 жылға сотталуы мүмкін
- «Анасын ұрып-соғып, үйден қуған»: Түркістан облысында ер адам әкесін өлтіруге тырысты
- Қазақ елі Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды
- Стоматологиядағы бала өлімі: Кінәлі дәрігер қамалмайтын болды
- Вашингтонда Мұхтар Мағауиннің жылдық асы өтті
- Сот шешіміне қарамастан әкімдік пен кәсіпкерлер арасындағы жер дауына нүкте қойылмады
- Тоқаев Ресейде Путинмен кездесті
- Шымкентте заңсыз жүргізуші куәлігін рәсімдеген 15 қызметкерге үкім шықты
- Мысықты кір жуғыш машинаға салған әйел табылды
- Актер Мұрат Бисембин инсульт алып ауруханаға түсті