Атырау облысының әкімі орынбасарларын неге ауыстырмағанын айтты
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасарларының жемқорлық жасады деген күдікке ілінгеніне қарамастан, неге ауыспағанын айтты.
«Ақ Жайықтың» мәліметіне сәйкес, 24 желтоқсанда облыс әкімінің жергілікті БАҚ журналистерімен кездесуі өткен. Өңір басшысына орынбасарларына қатысты сұрақтар қойылды. Өйткені, Қайрат Нұрлыбаев пен Бақытгүл Хаменованың үстінен тергеу жүріп жатыр және Нұрлан Таубаевқа қатысты сот процесі өтуде.
– Таубаевтың кінәсі сотта әлі дәлелденген жоқ. Бірақ сот процесі ұзаққа созылып жатқандықтан, оның келмей қалуы әкімдік жұмысына кері әсерін тигізетінін түсініп, өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазды. Хаменова бойынша тергеу жүргізілуде, оның аяқталуын күту керек. Олардың міндеттері менің басқа орынбасарларым денсаулық сақтау саласын – Қайрат Бекенов, білім беруді – бірінші орынбасарым Серік Айдарбеков, басқа салаларды – Нариман Таушов басқарады. Орынбасарларымның кінәсі дәлелденген жоқ, оларды ауыстыруға әлі ерте, - деді Досмұхамбетов.
Журналист облыс әкімі ретіндегі қызметіне көңілі тола ма деп қысқаша жауап сұрады. Досмұхамбетов осы уақыт ішінде қаншама істер атқарылғанын айта бастады.
«Қысқаша – иә ма, жоқ па?» деп сұрады журналист.
– Иә, – деп жауап берді әкім.
Жаңалықтар
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады
- Музейлер түні 2024: Алматы мен Астананың толық бағдарламасы
- Бішкекте шетелдіктермен төбелес болып, мыңдаған адам көшеге шықты
- Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады
- Бектенов Тоқаевқа су тасқыны зардаптарын жою туралы баяндады
- Жыл басынан бері мемлекет пайдаланылмай жатқан 645 мың гектар жерді қайтарды
- Өнеркәсіп министрі депутаттармен және белсенділермен қайта өңдеу төлемі мәселесін талқылады
- Тоқаев «Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі туралы» заңға қол қойды
- Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлімдеме жасады
- Қазақстанда теократиялық жүйе орнатқысы келген 8 адам сотталды
- Қазақ тілін және ел тарихын білмейтіндер Қазақстан азаматтығынан шығарылады
- «Медеу» табиғи саябағындағы 35 гектар болатын 10 жер телімі мемлекетке қайтарылды
- «ҚазАвтоЖол» жол бойындағы сервисті дамытуға шақырады
- «Қазақфильм» жобалары мемлекет қаражатының 95 пайызын өтемейді
- Маңғыстау облысының жаңа әкімі таныстырылды
- Құлсарылықтарға Қаржы министрлігі көмектесе ме?
- 350 мың доллар пара беруге итермелеп, он жылға бас бостандығынан айырылды