Атырау облысында «Блогерлік тексеру» деп қорқытып, қомақты қаражат сұраған белсенді ұсталды
Фото: gov.kz
29 қазанда аймақтағы жол құрылысымен айналысатын компанияның қызметкері полицияға жүгінді. Ол өзін блогер және азаматтық белсенді деп атаған белгісіз адам 30 миллион теңге талап еткенін хабарлады Orda.kz.
Жол компаниясының қызметкері полицияға күдіктінің оған психологиялық тұрғыдан қысым жасап, егер ақша болмаса, әлеуметтік желіге кәсіпорынның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін материалдарды жариялайтынын айтып, қорқытқанын мәлімдеді.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, бопсалаушы 1982 жылы туған ер адам болып шықты. ҚР ҚК 194-б. 3-б. 2-т. («Ірі мөлшерде жасалған қорқытып алушылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, ол ПД басшылығының бақылауында.
Екі күн бұрын ғана Шымкентте әкімдік қызметкерін бопсалап, 10 млн теңге сұраған күдікті блогер-журналист қамауға алынды. Сондай-ақ, Ресейде блогер, бизнес-коуч Аяз Шабутдинов курс сатып алаяқтық әрекетке барғаны үшін сотталды.
Жаңалықтар
- Жемқорлыққа қатысы бар: Қамшыбек Тәшиевтың інісі ұсталды
- Қазақстанда 2025 жылы 1000-нан астам жол апаты тіркелген
- АҚШ Иранға қарсы шабуылдарды жақында тоқтатуы мүмкін — Трамп
- Қырымда ұшақ жартасқа соғылды: 29 адам ажал құшты
- Бойжеткен көшеде жатқан темекіні шегемін деп жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
- Microsoft, Apple және Tesla: Иран АҚШ-пен байланысы бар алпауыт компаниялардың күлін көкке ұшырмақ
- Өз әкесін азаптаған тұрғынның жазасы қатаңдады
- Прокурорлар Жақсылық Омарға алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Ақтөбеде ер адам өз үйіне түскен ұрыны өзі ұстап алды
- «Болашақ» бағдарламасында қандай өзгерістер болады? Саясат Нұрбек жауап берді
- Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды
- Боқаевтың жақтастары оған қатысты істі тікелей эфирде ашық түрде қарауды талап етті
- Тоқаев Ресейдің жетекші мыс өндіретін компания басшысымен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады
- Қаныш Сәтбаев: халқым менен де биік. Қазақстандағы қазбалы байлықтың ғылыми жүйесін құрған ғалым
- Сағын сындыру үшін жасалған әрекет: Заңгер Әділетхан Молдаханның інісі мәлімдеме жасады
- Жетісулықтар тағы бір жер асты дүмпуін сезді
- Бес әнімнің ақысын бермеді деген композиторға әншінің өзі арыз жазды
- Ұсталған Әділетхан Молдахан туралы не белгілі?
- Сәуірден бастап бақылау күшейеді: аударымдар да назарда
- Елімізде пойыз қозғалысын реттеуде Starlink спутник жүйесі қолданылады