«Асырап алғандардан қайыр жоқ»: Шетелдіктер асырап алған қазақ баласы далада түнеп жүр
Фото: instagram/ janar_baisemiz
«Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Байсеміз америкалық отбасы асырап алған жігіттің далада түнеп жүргенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Сұлтан Кәрімов 1999 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 3 жасында америкалық отбасы асырап алыпты. Бірақ уақыт өте келе асырап алған ата-анасы ажырасып кеткен.
«Шетелдегі қазақ балалалары» бағдарламасына түскен баламыз қазір өмірдің ауыртпалығын тартып жүр. Үй-күйсіз далада түнеп жүр екен. Асырап алған адамдардан қайыр жоқ. Сұлтан бұған дейін Нью-Йорктегі белді университетке түскен еді. Алайда тұрмыс тапшылығынан оқуына бара алмай жүр» деп жазды журналист.
Америкалық отбасы Қазақстаннан 2 баланы асырап алған екен. Соның бірі–Сұлтан. Америкалық ата-анасы қойған есімі — Ноа Маршалл.
«2002 жылы мені АҚШ-қа алып кетті. Өзімнен бір жас кіші інім бар. Оны да сол балалар үйінен асырап алған. Асырап алған ата-анам мен 8-ге келгенде ажырасып кетті. Сөйтіп екі үйдің арасында өстік. Интернеттен ата-анамды іздедім. Анамды табатын шығармын деген үміт болады. Құжаттарда туған әкем қайтыс болғаны жазылған. Шын ба, өтірік пе білмеймін», - дейді Сұлтан Кәрімов.
«Шетелдегі қазақ балалары» жобасында Сұлтан ата-анасын әлі де іздейтінін айтты. Оның құжатында әкесі мен анасының есімдері Үміт Кәрімова, Үміт Кәрімов деп бірдей жазылған. Сұлтан бұл жалған ақпарат екеніне сенімді. Әрі анасының мекен-жайы да ешбір жерде жоқ болып шыққан.
Orda.kz. бұған дейін шетелдіктер асырап алған қазақ қызы өзіне қол жұмсағаны туралы жазған болатын.
Биылғы 6 қазан күні, қыздың өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Бұл туралы «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Байсемізова-Колесникова өзінің фейсбук парақшасында жазды.
Жаңалықтар
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты