Қасым-Жомарт Тоқаев вакцина салдырды

cover

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда өндірілген «Спутник-V» вакцинасы егілді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жанама әсерлер байқалмағанын айтты.

? Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Президенттің вакцина...

Опубликовано Беріком Уәли Вторник, 6 апреля 2021 г.

— Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Президент тек Қазақстан азаматтарын вакциналау және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру ғана коронавирусты жеңуге, барлық шектеулерді алып тастауға, азаматтардың қалыпты өмірі мен экономикалық қызметін қалпына келтіруге мүмкіндік беретініне сенімді.

— Мемлекет басшысы вакцина салдырып, Қазақстан халқы ұжымдық иммунитет қалыптастырып, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді. Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырды.

Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы. Бұған дейін Президент Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға шетелден вакцина жеткізуді қамтамасыз етуді және отандық екпе өндіруді жолға қоюды, сондай-ақ, екпе салу үдерісін ұйымдастыруды тапсырған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар