Қасым-Жомарт Тоқаев Лукашенконы туған күнімен құттықтады

cover

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Президенттер Қазақстан мен Беларусь қарым-қатынасының негізгі аспектілерін талқылап, екі ел арасындағы сауда-экономикалық дамудың оң динамикасын атап өтті, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша да пікір алмасты. Қазақстан мен Беларусь Республикасының Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық құрылымдар аясында өзара ынтымақтастығына ерекше назар аударылды.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы туған күнімен құттықтады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар