Астананың орталық саябағындағы гүлзарлардың біріне Патшайым Елизавета II-нің есімі беріледі

cover

18 қыркүйекте Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Вестминстер холлда Королеваның жерлеу рәсіміне қатысып, Қазақстан Республикасының атынан ресми көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Ол II Елизавета ерекше көшбасшы және британдық ұлттың бірлігі мен тұрақтылығының символы болғанын, оның ерекше тектілігі, қадір-қасиеті мен жетістіктері бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдарды шабыттандыруды жалғастыратынын атап өтті.

Сол күні Мәулен Әшімбаев Мемлекет, Үкімет, халықаралық ұйымдар басшылары мен корольдік отбасы мүшелерінің құрметіне Король Чарльз III ұйымдастырған Букингем сарайындағы қаралы қабылдауға барды

Ел Президентінің шешімі бойынша жақын арада Астананың орталық саябағындағы гүлзарлардың біріне Патшайым Елизавета II-нің есімі берілетін болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар