Астанадағы ауруханада 9 айлық бала күйіп қалды

cover Фото: freepik.com

Астанадағы инфекциялық ауруханаға 9 айлық нәресте пневмония диагнозымен түскен. Ол жансақтау бөлімінде ем қабылдау барысында күйіп қалған, деп хабарлайды Orda.kz. 

Нәрестенің анасының айтуынша, ем қабылдау барысында медицина қызметкерлерінің немқұрайлығы салдарынан оның 9 айлық қызының аяғы күйіп қалған. Осылайша медициналық қауіпсіздік талаптары бұзылған. 

Әйел адам аталған жағдай бойынша тексеру жүргізуді және кінәлілерді жауапқа тартуды талап етуде. 

Айта кетейік, Атырау облысында ұшты-күйлі жоғалған отбасы жайлы жаңа мәлімет шықты. Әлеуметтік желіде отбасы мүшелерінің SIM-карталарының геолокациясы Өзбекстанда екені анықталып, Бали аралында банк картасының қолданылуы мүмкін екені айтылып жатыр.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар