Астанада Танагөз Толқынқызына қатысты тексеру аяқталды

cover Фото: facebook / Ришат Асқарбекұлы

Астанада ақын Танагөз Толқынқызына қатысты туындаған дауға байланысты жүргізілген тексеру жұмысының қорытындысы шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

Журналист Ришат Асқарбекұлының мәліметінше, жүргізілген тексеру нәтижесінде Танагөз Толқынқызының әрекетінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталмаған. Осыған байланысты іс номенклатуралық есепке жіберілген. Қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғалмаған.

«Біреудің басына түскен қиындыққа сырттай қуану, мысқылдау қандай жиіркенішті. Ақын қызды полиция шақыртты дегенде табалап, пост жазғандарды көрдік. Ата жауындай өршеленеді. Тіпті жекеме шығып, кім сотқа берді, біліп берші деген пенделер де болды» деп жазды журналист.

Өз кезегінде Танагөз Толқынқызы әлеуметтік желіде жазба жариялап, өзіне қолдау білдірген оқырмандарына алғыс айтты.

Еске сала кетейік, ақынды желідегі тәуелсіздік жайлы жазған жазбасы үшін жауап алуға шақырған еді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар