Елордада коронавирус жағдайлары тұрақты өсім көрсетуде

cover

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Ол астананың қызыл аймақта екендігіне көңіл аударды.

— Аурушаңдықтың тұрақты өсуі байқалады. Күн сайын орта есеппен КВИ-дің 430 жағдайы тіркеледі. Бұл ауру жұқтыру көп тіркелген өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда көп. Ол кезде орта есеппен күніне 180 оқиға тіркелген болатын, - деді Мұратов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу үшін қалада 1889 орынға арналған 14 стационар жұмыс істейді.

— Бүгінгі күні 985 науқас стационарларда емделуде, оның ішінде КВИ расталған - 901, вирустық пневмониямен - 84 адам бар. Жансақтау бөлімінде 95 адам бар, оның ішінде 21 адам өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған. 4 мыңға жуық адам үйде ем алады, - деп нақтылады қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар