Астанада 5 жастағы баланың бетін тілген жасөспірімнің қазір қайда екені айтылды
Фото: Видеодан кадр
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Астанада психикалық ауытқуы бар жасөспірімнің 5 жастағы балаға шабуыл жасау оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Динара Зәкиева жасөспірімнің қазір қайда екенін айтты.
«Кеше аймақтық комиссармен бірге жәбір көрген балаға барып, жағдайын білдік. Баланың жағдайы тұрақты, барлық қажетті көмек көрсетілуде. Сондай-ақ, Астана бойынша өңірлік уәкіл А.Бимендина баланың анасымен үнемі байланыста отыр. Ал шабуыл жасаған бала денсаулық сақтау жүйесі мекемесіне орналастырылды. Баланың анасы жауапкершілікке тартылды», - деді бала құқықтары жөніндегі уәкіл.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, Астанада психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жасөспірім лифтте баланың бетіне пышақ жарақатын салған еді. Қазіргі таңда зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
5 жастағы баланың анасы оқиғаның мән-жайын айтты. Ол баласын дүкенге жіберген екен. Оқиға Батыр дүкеннен қайтып келе жатқанда болған.
Жаңалықтар
- Пәкістандықтар Тоқаевты саясат қайраткерлеріне берілетін орденмен марапаттады
- Қазақстан мен Пәкістан стратегиялық әріптес атанып, 37 құжатқа қол қойды
- Тоқаев Пәкістан премьерімен не туралы сөйлесті?
- Запастағы 850-ден астам офицер әскери қызметке шақырылады
- Ресейде мектеп оқушысы сыныптастарын өртеп, балға ала жүгірді
- Қазақстандық дәрігерлер «Нипах» ауруының алдын алу бойынша үндеу жасады
- Илон Маск байлығы 800 млрд-тан асқан тарихтағы алғашқы адам
- «Орнына мені ұр деп айтатынмын». Талдықорғанда туған әкесі ұрып-соққан 3 жасар баланың жағдайы белгілі болды
- Ресейде тараздық екі жігіт диверсия жасап істі болды
- Үндістандық әуекомпания Алматыға ұшатын рейстерін тоқтатты
- Ермұрат Бәпи Назарбаевтар әулетінің билікке оралуы жайлы пікір білдірді
- «Орысша сөйлемедің деген сылтаумен жұмыстан қуды»: Алматыда жекеменшік мектеп пен мұғалім арасындағы дау неден шықты?
- Депутат жер шетелдіктерге сатылады деген қауесетке жауап берді
- Ұлытау облысында марганецті заңсыз өндірген ер адам сотталды
- Ақтөбеде өгей атасынан жүкті болған қыздың ісі бойынша сот шешімі шықты
- Ливияның бұрынғы көсемі Муаммар Каддафидің ұлын атып кетті
- Үндістан қазақстандықтарға 30 күндік визасыз режим енгізді
- Ресей мен Польша арасындағы дипломатиялық қатынас үзілуге шақ тұр
- Алматы облысында бір отбасы түгелдей ыстан уланып көз жұмды
- Зеленский ирандық ИРСК-ны террористік ұйым деп таныды