Асқар Мамин спутниктік желі жобасымен танысты
Премьер-Министр Асқар Мамин және «One Web» директорлар кеңесінің төрағасы Сунил Миттал британдық компания өрістетіп жатқан жаһандық спутниктік желі шеңберінде Байқоңыр ғарыш айлағынан спутниктерді ұшыру мәселелерін талқылады.
Бұл туралы Orda.kz премьер-министр баспасөз хатшылығына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Қазір ғарышқа 110 спутник ұшырылды. 2021-2022 жылдары Байқоңыр ғарыш айлағынан 8-ден астам ұшыру жоспарлануда.
— «One Web» жаһандық спутниктік желісі 1200 шқ биіктіктегі 18 орбиталық жазықтықтағы 648 спутниктен тұрады, спутниктік желіні толық пайдалануға беру және Қазақстан аумағына қызмет көрсету 2021 жылдың соңында күтіледі, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қазақстан аумағын, оның ішінде шалғай және қатынауы қиын аудандарды байланыс спутниктері арқылы жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетпен жаппай қамту жөніндегі жобалар қаралды.
— Нұр-Сұлтандағы Ұлттық ғарыш орталығы жанындағы Ғарыш аппараттарын құрастыру - сынау кешені базасында «One Web» спутниктері үшін жиынтықтауыштарды құрастыру бойынша жобаны іске асыру барысы, сондай-ақ Орталық Азия елдеріне кейіннен «One Web» спутниктік интернетін эксклюзивті дистрибуциялау үшін Қазақстан аумағында шлюз станциясын орналастыру бойынша бірлескен кәсіпорын құру мәселесі қаралды, - деп хабарлады баспасөз қызметі.
«One Web» компаниясы Интернет желісіне қолжетімділік және деректерді жоғары жылдамдықпен беру қызметтерін ұсыну үшін жаһандық төмен орбиталық спутниктік желіні құрады.
Жаңалықтар
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады
- Музейлер түні 2024: Алматы мен Астананың толық бағдарламасы
- Бішкекте шетелдіктермен төбелес болып, мыңдаған адам көшеге шықты
- Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады
- Бектенов Тоқаевқа су тасқыны зардаптарын жою туралы баяндады
- Жыл басынан бері мемлекет пайдаланылмай жатқан 645 мың гектар жерді қайтарды
- Өнеркәсіп министрі депутаттармен және белсенділермен қайта өңдеу төлемі мәселесін талқылады
- Тоқаев «Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі туралы» заңға қол қойды
- Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлімдеме жасады
- Қазақстанда теократиялық жүйе орнатқысы келген 8 адам сотталды
- Қазақ тілін және ел тарихын білмейтіндер Қазақстан азаматтығынан шығарылады
- «Медеу» табиғи саябағындағы 35 гектар болатын 10 жер телімі мемлекетке қайтарылды
- «ҚазАвтоЖол» жол бойындағы сервисті дамытуға шақырады
- «Қазақфильм» жобалары мемлекет қаражатының 95 пайызын өтемейді
- Маңғыстау облысының жаңа әкімі таныстырылды
- Құлсарылықтарға Қаржы министрлігі көмектесе ме?
- 350 мың доллар пара беруге итермелеп, он жылға бас бостандығынан айырылды