Асқар Мамин президент алдында есеп берді
Премьер-минстр Асқар Мамин президент Тоқаевқа Қазақстанның экономикалық өсім қарқыны, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары, елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мен басқа да өзекті мәселелер туралы баяндалды.
Бұл туралы Orda.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасының қайта қалпына келу үдерісі қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсімі 3,4 пайызды құрады. Дер кезінде дағдарысқа қарсы қабылданған шаралардың арқасында экономика қайта қалпына келді.
Асқар Маминнің мәліметіне сәйкес нақты сектордағы тұрақты өсім 3,5 пайызға өсті, сондай-ақ карантин шектеулерін жеңілдету нәтижесінде қызмет көрсету секторының біртіндеп қалпына келуі экономиканың қайта өсуін үдетті.
Премьер-министр мемлекет басшысына әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен инфляцияға қарсы іс-қимыл шараларының жүзеге асырылуы жөнінде айтты.
Үкімет агроөнеркәсіп кешені секторында құн қалыптастырудың барлық тізбегі бойынша бағаны тұрақтандыру, сауда желілері мен отандық тауар өндірушілері арасында ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау, тауар айналымын қаржыландыруды көбейту және тұрақтандыру қорына азық-түлік сатып алуды арттыру, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің сауда үстемесін жоғарылату фактілеріне жол бермеу шаралары қабылданып жатыр.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жөнінде ақпарат берілді. Қазіргі таңда барлық аймақтарда коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеген, ауыр науқастардың, стационарларда және амбулаторлық ем қабылдап жатқандардың саны азайған. Вирустың таралу индексі – 0,96. Жұқпалы ауруханалардың 37 пайызында, жансақтау бөлімдерінің 31 пайызында науқастар ем алып жатыр. 8,1 миллион адам екпенің бірінші компонентін, 7,2 миллион адам екінші компонентін алған.
Асқар Мамин президентке сыртқы және ішкі инвестициялардың көлемін арттыру, шағын және орта бизнестің әлеуетін ұлғайту, аймақтарды өркендету, өңдеуші секторды дамыту және кеңейту есебінен экономиканың құрылымдарын одан әрі әртараптандыру жөнінде қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті мәселелері бойынша баяндады.
Жаңалықтар
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады
- Музейлер түні 2024: Алматы мен Астананың толық бағдарламасы
- Бішкекте шетелдіктермен төбелес болып, мыңдаған адам көшеге шықты
- Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады
- Бектенов Тоқаевқа су тасқыны зардаптарын жою туралы баяндады
- Жыл басынан бері мемлекет пайдаланылмай жатқан 645 мың гектар жерді қайтарды
- Өнеркәсіп министрі депутаттармен және белсенділермен қайта өңдеу төлемі мәселесін талқылады
- Тоқаев «Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі туралы» заңға қол қойды
- Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлімдеме жасады
- Қазақстанда теократиялық жүйе орнатқысы келген 8 адам сотталды
- Қазақ тілін және ел тарихын білмейтіндер Қазақстан азаматтығынан шығарылады
- «Медеу» табиғи саябағындағы 35 гектар болатын 10 жер телімі мемлекетке қайтарылды
- «ҚазАвтоЖол» жол бойындағы сервисті дамытуға шақырады
- «Қазақфильм» жобалары мемлекет қаражатының 95 пайызын өтемейді
- Маңғыстау облысының жаңа әкімі таныстырылды
- Құлсарылықтарға Қаржы министрлігі көмектесе ме?
- 350 мың доллар пара беруге итермелеп, он жылға бас бостандығынан айырылды