Арыста кезекші дәрігер шырт ұйқыда жатқанда 4 жасар бала өліп қала жаздады

Арыста төрт жасар Әлирахман Сейтханның ата-анасы ұлының кезекші дәрігердің немқұрайлылығының кесірінен жансақтау бөліміне түскенін айтты. Олардың айтуынша, бала аурумен арпалысып жатқанда кезекші дәрігер шырт ұйқыда болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Арыс тұрғыны Ұлжалғас Жүзейдің мәліметінше, бір апта бұрын оның ұлының қызуы көтерілген. Түнде, сағат шамамен үштерде баланың денесі қатты құрысады. Анасы дереу жедел жәрдем шақырып, баланы ауруханаға әкеледі.
«Біз алты сағат бойы күттік. Ал медбике кезекші дәрігерді оятуға тырысты. Баланың жағдайы нашарлай бастады. Бірақ ешкім ештеңе істемеді. Егер олар бірден көмек көрсетсе, мүмкін ол жансақтау бөліміне түспес еді», — деді науқас баланың анасы.
Ұлжалғас Жүзей оларды медбике қабылдағанын, бірақ үйге қайтарып жібергісі келгенін айтты. Кейін бала кезекші дәрігер ауысқан кезде, яғни таңғы тоғызда ғана қаралады. Осы кезде бала есінен танып қалған. Содан бері ол жансақтау бөлімінде жатыр екен.
Анасының айтуынша, дәрігерлер дәл не болғанын әлі білмейді. Ал ата-ана ауруханада қажетті құрал-жабдықтар жоғын мәлімдеді.
Белгілі болғандай, Арыс ауруханасында МРТ аппараты да, компьютерлік томограф та жоқ. Диагноз қою мүмкін емес. Ал дәрігерлер баланы облыс орталығына апаруға қорқады. Бала жолды көтере алмауы мүмкін.
Аурухананың бас дәрігері Марат Төлегенов Ұлжалғас Жүзейдің айтқанын жоққа шығарды.
«Сол түні бізде 35 науқас болды. «Алты сағат ұйықтап жатқан дәрігер» туралы мәлімдемелер жалған деп санаймын. Кезекшінің айтуынша, ол басқа науқастарды тексерген. Қазір қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр», — деді ол.
Айта кетейік, аттың жалына байлап сүйреген Айзаттың өлімін тергеу «кездейсоқ жағдай» деп атады.
Жаңалықтар
- Арыста кезекші дәрігер шырт ұйқыда жатқанда 4 жасар бала өліп қала жаздады
- Әлемге әйгілі Лувр мұражайын тонады: Макрон қарусыз келген ұрыларға қатысты мәлімдеме жасады
- «Ескі Қазақстан» шенеуніктерінің жаңа орны: Неге Атамқұлов Ташкентке, ал Абаев Мәскеуге кетті?
- Қытайда басы дауға қалған блогер қыз Өзбекстанда да жігіттерге «қырыңдады»
- Мектеп оқушылары күзгі демалыста 7 күн демалады
- «Шынайы жанкүйерлер келеді»: «Қайрат» ойын алдында баспасөз мәслихатын өткізді
- Қазақстанның футбол клубтары қай бай-бағланның қолына өтеді?
- Аттың жалына байлап сүйреген Айзаттың өлімін тергеу «кездейсоқ жағдай» деп атады
- Астана соты 5 адамды саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танудан бас тартты
- Балалар бапкерінен Винисиусқа қарсы: «Бізге жеңіс керек» – Тапалов
- Алматыда таудағы жарыс кезінде 70 жастағы спортшы қайтыс болды
- Қытайда теңізге ұшақ құлады
- 2 млрд теңге жымқырған депутат қамауға алынды
- AZAL ұшақ апаты туралы Ресей жасырған шындықты айтқан жолаушы көз жұмды
- Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды
- Мыңдаған тонна Қазақстан пиязы Ресейде ұшты-күйлі жоғалды
- Абайдың «Бойы бұлғаң» әні Грэмми ұсынған әлемдік альбомға енді
- Қандай алаяқтық несиелер есептен шығарылады
- Қара халықтың «қанын қайнатқан» қолжетпес тариф кімнің қалтасын қампайтып жатыр?
- Air China ұшағында қол жүгінде жатқан литий батареясы жанып кетті