Арыс қаласының әкімі қызметіне алғаш рет әйел тағайындалды

cover

ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Арыс қаласының әкімі болып Гүлжан Мамытқызы Құрманбекова тағайындалды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Әйелдің әкім болып тағайындалуы Түркістан облысының тарихындағы бірінші жағдай.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қаланың жаңа басшысының алдына әлеуметтік-экономикалық даму, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту бойынша бірқатар міндеттер қойды.

— Арыс — ерекше қала. Қалада жұмыс жеткілікті. Шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығын дамыту керек. Ең бастысы —кәсіпкерлікті жандандыру және инвестиция тарту, ол үшін барлық мүмкіндіктер бар. Ол өте тәжірибелі маман, қаржы және әлеуметтік саланы жақсы біледі, менің кеңесшім болды. Алда көп жұмыс күтіп тұр, - деді Шөкеев.

Өз кезегінде Гүлжан Мамытқызы сенім білдіргені үшін алғысын білдіріп, қаланың дамуы мен өркендеуі үшін бар күш-жігерін салатынын атап өтті.

Гүлжан Құрманбекова 1965 жылы Отырар ауданында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын Шәуілдір жолаушылар - көлік кооперативінің есепшісі болып бастаған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар