Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшысы қызметінен босатылды

cover Фото: ortcom.kz

Президент Бауыржан Артықовты «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатты, деп хабарлайды Orda.kz. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды», деп хабарлады Ақорда. 

Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығын 2024 жылғы ақпан айынан бері басқарған. Ол 1973 жылы 4 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Самсоновка ауылында туған. II дәрежелі «Айбын» орденімен, мерейтойлық медальдармен және «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен наградталған. Артықов бұл қызметіне дейін взвод командирінен бастап десанттық - шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары-штаб бастығына дейінгі лауазымдарда әскери қызмет атқарды.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар