Арабтар Трампты шашын жайған қыздармен қарсы алды: Ролик танымал болды
Бейнежазба скриншоты
15 мамырда АҚШ президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келді. Абу-Дабиде оны Еуропа жұртшылығын қатты таңғалдырған ерекше билеу рәсімімен қарсы алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақ киім киген қыздар екі қатарға тізіліп тұрып ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен ұзын шаштарын әуен ырғағымен серпіп, АҚШ президентін «шаш желпуімен» қарсы алды.
Көпшілікті биден бұрын араб қыздарының бөтен ер-азаматтардың алдында жалаңбас тұрғаны таңғалдырды. Ролик астына кейбір оқырмандар «арабтар бүркенуді қазақ қыздарына беріп, өздері жалаңаштана бастаған ба?» деп жазды.
«Бақсақ – бақа екен» демекші. Бұл арулар «халиджи» деп аталатын дәстүрлі араб биін билепті. Бұл би Парсы шығанағы аймағында пайда болған, сондықтан атауы да соған сәйкес. «Халиджи» араб тілінен аударғанда – «шығанаққа тән», «шығанақтық» деген мағына береді. Қыздардың қимылдары теңіз самалын тамашалау сезімін жеткізеді деп есептеледі.
Бастапқыда халиджи тек әйелдер ортасында орындалатын би болған. Кейінірек оны жоғары мәртебелі қонақтарды қарсы алу кезінде, тойларда орындау дәстүрге айналған. Шариғат талаптарын айналып өту үшін бұл биді көбіне 12 жасқа толмаған қыздар орындайды, сондықтан олар орамалсыз болады.
Қазіргі таңда халиджи биін ер адамдар да орындайды. Ерлер нұсқасында таяқ немесе түрлі қару түріндегі аксессуарлар қолданылады.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұл — жоғары дәрежелі қонақты салтанатты қарсы алу дәстүрі, оның негізгі бөліктерінің бірі — халиджи биі.
Айта кету керек, Трамптың жүзінен экзотикалық көрініске ерекше риза болғаны байқалды.
Жаңалықтар
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі