«Қара қытай қаптаса...» экспансия дегеніміз не?
2021 жылдың 27 - наурызы Қазақстанның бірнеше қалаларында халық бейбіт шеруге шықты. Шерудің мақсаты Қытай экспансиясына жол бермеу. Көптеген плакаттар «Қытайға жер сатылмайды» деген жазумен болды.

Халық наразылығы негізсіз бе? Әлде мәселе Қытайға келгенде еліміз сақ болу керек пе?
Экспансия дегеніміз не?
Экспансия - жеке мемлекеттің, халықтың немесе мәдениеттің тіршілік ету аймағының аумақтық, географиялық немесе басқа кеңеюі. Яғни, Қытайдың Қазақстандағы экспаниясы - қытай халқының, мәдениетінің біздің елде тарауы. Басқа мемлекеттен келген қаржы, сол ақшаға ашылған жұмыс орындары біздің Республикамызды инвестордың ығына жығып береді ме? Бұл сұраққа нақтырақ жауап табу үшін Қытай 2000 жылдардың басынан бері қаржыландырып, экспансия саясатын жүргізіп жүрген басқа мемлекеттердің тағдырын қарастырайық.
Мысалы, Африка мен Оңтүстік Америка континенттеріне көз салайық. Қытайлар қазақ жерін басып алады деп қорқып жүргенде, олар Нигерия, Руанда, Аргентина, Чили, Перу және басқа мемлекеттерді қол астына алуда.
21 ғасырдың басында Қытай Халық Республикасы сатып алуға болатын жерлерді — шахталарды, кен орындарын, зауыттарды, ең жақсы құнарлы жерлерді жаппай сатып ала бастады. Африка аумағында қазірдің өзінде 11 мыңға жуық қытайлық компания жұмыс істейді, шамамен 1,5 млн. маманды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Бүгінгі таңда Африканың 37 мемлекеті Қытаймен «Белдеу және жол» келісіміне отырды. Олардың кейбіреуі ҚХР-ге қомақты қарызға батып үлгерді.
Қытай бағдарламасы Африкаға ірі инфрақұрылымдық жобаларды ұсынады — порттар, көпірлер, темір жолдар және автомобиль жолдарын қытай үкіметі салады. Мұның бәрі, әрине, тегін емес, қарызға салынады. Егер ел төлей алмаса, қытайлар өздері салған нысандардың толық иелері болады. 2019 жылдың маусымында Пекинде «Белдеу және жол» форумы өтті. Шет мемлекеттердің 40-қа жуық басшысының ішінде Кения, Эфиопия, Мозамбик және Джибути басшылары да келді. Олардың сапарының мақсаттарының бірі — өз елдеріне қарыз жүктемесін азайту туралы келіссөздер болды.
Брукингс институтының мәліметі бойынша, 2000-2017 жылдар аралығында Қытай Африка елдеріне 140 миллиард доллардан астам қарыз берді. Несиелердің ең көп үлесі бірнеше ресурстарға бай елдерге тиесілі. Атап айтқанда, көлік, электр жүйесі және тау-кен өндірісі сияқты секторлар Пекин үшін тартымды.
Қытайға қарызға батқан елдің нақты мысалы ретінде, Замбия мемлекетін алуға болады. Ел несие бойынша төлем жасай алмай Қытайға кепіл ретінде ірі мемлекеттік активтерді беруге мәжбүр болды. Замбияның ҚХР алдындағы қарызының нақты сомасы белгісіз, бірақ Reuters оны 3.1 миллиард долларға, ал АҚШ үкіметі тіпті 10 миллиард долларға бағалады.
Замбия Пекинге елдің ең ірі энергетикалық компаниясын ZESCO-ны заттай төлем ретінде беру туралы келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар, Қытай Замбияның ұлттық хабар тарату корпорациясын (ZNBC) басқарып отыр. Және келесі мақсат Лусаканың (ред. Замбия астанасы) басты әуежайын басқаруды меңзеп отыр деген көптеген қауесеттер бар.
2019 жылдың ортасында Танзания билігі Танзаниядағы Багамойодағы Шығыс Африкадағы ең үлкен порттың құрылысы үшін Пекинмен бірлескен бағдарламаны тоқтатты. Қытайлық Merchant Holding International жалғыз порт операторы болады деп болжанған.
Танзания президенті Джон Помбе Магуфули жобаның тоқтатылуын қытайлық инвесторлардың «эксплуатациялық» талаптарды қойғанына байланысты деп түсіндірді.
— Олар бізден 33 жылға кепілдік және 99 жылға жалдау құқығын бергенімізді талап етті. Және біз порттың қалай қолданылатыны туралы сұрақ қоймауымыз керек. Олар біздің жерді өз жеріндей қолданғысы келді, - деді Танзания президенті.
Қазіргі таңда Қытайдың назары Орта Азия елдеріне қайта ауды. Арасында жер байлықтары, мұнайы көп Қазақстан да бар. Қытайдан қаржыландыру, жерді жалға беру керек пе деген сұрақ туындаған жағдайда, мақаладағы Африка, Замбия, Танзания сөздерінің орнына Қазақстан сөзін қойып көрген жөн...
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық