Қарағандыда мектеп мұғалімі оқушыларды «ақымақ маймылдар» деп балағаттады

cover

Оқу меңгерушісі балаларды карантиндік шектеулерді сақтауға ашуға булыққан түрде шақырды. Себебі аурудың таралуына байланысты екі сынып карантинге жіберілген.

Бұл туралы Orda.kz  «Патриот Караганды» Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мектеп дәлізінде оқушылардың медициналық бетперде кимегеніне ашуланған Шахтинск қаласы мектеп меңгерушісі оқушыларды «маймыл» деп атады.

- Бүгіннен бастап 9 «б» сынып карантинде. Егер мен дәлізде кем дегенде бір маймылды бетпердесіз тағы бір рет көрсем, анасы немесе әкесі осында тұрып, айыппұл туралы қағазды толтырады. Осындай ақымақ маймылдар кесірінен сыныптар карантинге кетеді. Сендерге маска сәндік безендіру деп ойлайсындар ма? Біздің балаларымыз немесе ата-анамыз жоқ деп ойлайсындар ма?  Сендерге карантин режимін бұзуға кім рұқсат берді? Ол Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінде жазылған! Ковид деген не? Ауырған адамдардан сұрандар! Екі сынып екі күнде карантинге жіберілді. Мен бұл маймылдарға маска деген не екенін, дәлізде маскамен жүру керек екенін және қауіпті топта кім екенін түсіндіруім керек! Егер сендер соншалықты мылқау болсаңдар, түсінбейтін болсаңдар, ата-анаңызға қара-ақ жазылған қолхат әкелсін: менің ұлым немесе қызым – ақымақ! Түсінбейді, мен олармен бірге түсінбеймін, деп! – деді мұғалім.

Аудиожазба ата-аналар чаттарында таратылды. Ата-аналар Шахтинск қаласының білім бөліміне шағымданды.

Шахтинск қаласының білім беру бөлімінде берген түсініктеме бойынша, қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр және мұғалімнің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар