Қарағанды облысында сотталушы бейнеүндеу жасады
Әлеуметтік желіде Қарағанды облысы Қарабас ауылындағы АК-159/18 колониясында жазасын өтеп жатқан сотталушының видео хабарламасы тарап жатыр. Сотталушы өз хабарламасында оның өліміне күзет мекемесінің әкімшілігін кінәлауды сұрады.
Видео Instagram желісінде пайда болып, жұртты әбігерге салды. Бейнебаян кейіпкері өзінің жеке деректерімен бөлісіп, оның өліміне мекеме әкімшілігі кінәлі екенін мәлімдеді. Артынша ер адам денесіндегі тыртықтарын көрсетеді.
Бұл жазбаға Қарағанды облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ведомствода сотталушының ұрлық және қарақшылық жасағаны үшін Қарабас ауылындағы АК-159/18 колониясында жазасын өтеп жатқаны айтылды.
«11-15 қарашада АК-159/18 мекемесінде құқық бұзушылықтың алдын алу және тыйым салынған заттарды тәркілеу мақсатында тінту жүргізілді. Осы іс-шаралар барысында 40-тан астам мобильді құрылғы мен 0,5 келіге жуық есірткі заттары табылып, тәркіленді. Тінту аяқталғаннан кейін бірқатар сотталушылар өз-өзіне зиян келтіріп, тыйым салынған заттарды тартып алғандарымен келіспейтіндіктерін айтқан. Видео да тінтуден кейін жарияланған. Осылайша сотталғандар мекеме әкімшілігіне айла-шарғы жасап, жауаптан жалтаруға тырысқан. Тыйым салынған заттарды сақтауға жауапкершілік жүктеледі» деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Департамент тінту прокуратура, қоғамдық бақылау комиссиясы өкілдерінің, сондай-ақ Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өңірі басшылығының қатысуымен өткенін қосты. Процесс бейнебақылау камераларына, сондай-ақ колония мен Ұлттық ұлан офицерлерінің бейнетіркегіштеріне түсірілген. Тексеру кезінде жазасын өтеп жатқан тұлғалардан шағым түскен жоқ.
«Көбінесе сотталғандар түзеу мекемесінің тәртібімен келіспеушілік белгісі ретінде түзеу мекемесінің ережелеріне бағынғысы келмейді және өздеріне зиян келтіреді. Осылайша олар адамдардың назарын аударып, жазаны жеңілдетуге немесе ерекше жағдайларға қол жеткізуге тырысады» деді Қарағанды облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады
- Музейлер түні 2024: Алматы мен Астананың толық бағдарламасы
- Бішкекте шетелдіктермен төбелес болып, мыңдаған адам көшеге шықты
- Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады
- Бектенов Тоқаевқа су тасқыны зардаптарын жою туралы баяндады
- Жыл басынан бері мемлекет пайдаланылмай жатқан 645 мың гектар жерді қайтарды
- Өнеркәсіп министрі депутаттармен және белсенділермен қайта өңдеу төлемі мәселесін талқылады
- Тоқаев «Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі туралы» заңға қол қойды
- Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлімдеме жасады
- Қазақстанда теократиялық жүйе орнатқысы келген 8 адам сотталды
- Қазақ тілін және ел тарихын білмейтіндер Қазақстан азаматтығынан шығарылады
- «Медеу» табиғи саябағындағы 35 гектар болатын 10 жер телімі мемлекетке қайтарылды
- «ҚазАвтоЖол» жол бойындағы сервисті дамытуға шақырады
- «Қазақфильм» жобалары мемлекет қаражатының 95 пайызын өтемейді
- Маңғыстау облысының жаңа әкімі таныстырылды
- Құлсарылықтарға Қаржы министрлігі көмектесе ме?
- 350 мың доллар пара беруге итермелеп, он жылға бас бостандығынан айырылды