Қар, жауын-шашын, тұман: 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

cover Фото: Pixabay

Синоптиктер 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде, батысында, республиканың оңтүстік жартысында – жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын күтіледі» делінген Қазгидромет РМК хабарламасында.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында синоптиктер қарлы боран соғады деп болжап отыр.

Алматы облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Алакөл көлдері аймағында жел 17-22 м/с күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктеріндегі аудандарында – тұман, көктайғақ, таулы аймақтарда бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында – тұман, көктайғақ, солтүстікте бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді, солтүстікте, шығыста екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Атырау облысының солтүстік-батысында – тұман, көктайғақ, басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде – жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, Қарағанды ​​облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында – жел 15-20 м/с күшейеді, түнде солтүстікте, облыс орталығында тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында – көктайғақ, тұман, таулы аймақтарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде - көктайғақ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар