АҚШ-тағыдай: Қазақстанда жаңа медициналық сақтандыру жүйесі енгізгіледі

cover Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде АҚШ, Жапония және Швецияда жұмыс істейтін дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуді ұсынып отыр.

Заң жобасын парламент мәжілісінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният таныстырды.

Оның айтуынша, сақтандырудың бейімделген нарықтық моделі (қолданыстағы сақтандыру компаниялары арқылы, жанжалды сотқа дейін реттеу) Қазақстан үшін ең жақсы нұсқа болып табылады.

Жаңа модель сақтандыру компаниялары арқылы жұмыс істейтін болады.

Осы үлгіге сәйкес, шағымды қарауды медиация элементтерін пайдалана отырып, сондай-ақ мамандандырылған медициналық бірлестіктерді тарта отырып, ішкі аудит қызметі деңгейіндегі медициналық ұйым жүзеге асыратын болады. Бұл кезеңде мәселені медицина орталығының өзінде шешуге болады,- деді Ғиният.

Пациент қызметтің шешімімен келіспеген жағдайда оның шағымы сараптамалық қорытынды алу үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне беріледі. Оң нәтиже болған жағдайда шағым бойынша материалдар, оның ішінде сот-медициналық сараптамасының қорытындысы медициналық ұйым сақтандырылған сақтандыру ұйымына беріледі.

Келтірілген зиянның орнын толтыру белгілі бір жағдайларда сақтандыру компаниясы арқылы төленеді. Төлемнен бас тартқан жағдайда пациент сотқа жүгінуге құқылы. Сотқа жүгінген кезде төлем жүргізілмейді.

Сақтандыру жүйесін енгізудің бастапқы кезеңінде Денсаулық сақтау министрлігі келесі тарифтерді ұсынды:

  • өлім – 1000 АЕК;
  • мүгедектікті белгілеу: бірінші топ – 800 АЕК; екінші топ – 600 АЕК; үшінші топқа – 500 АЕК; «мүгедек бала» - 500 АЕК;
  • мүгедектік белгіленбестен мүгедектікке немесе жарақаттануға не денсаулыққа өзге де зиян келтіруге – науқасты амбулаториялық немесе стационарлық емдеуге жұмсалған нақты шығындар мөлшерінде – 300 АЕК.

Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстары бойынша жұмыс беруші сақтанушы ретінде әрекет етеді, ал медициналық ұйым сақтандыру компаниясымен ұжымдық шарт жасайды.

2017 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ынтымақ қағидасына негізделген әлеуметтік сақтандыру моделін ұсынды (жарнаны медициналық ұйымның 50%, медицина қызметкерінің 50% үлесі). Бірақ заң жобасы қабылданбады.

Жыл сайын Қазақстанда дәрігерлерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы «Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы» бойынша 300-ге жуық қылмыстық іс қозғалады. Денсаулық сақтау министрлігі бұл бапты қылмыс санатынан шығаруды ұсынып отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар