Апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде «Қайрат» ойыншылары болған – БАҚ

cover

Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақтың бортында алматылық «Қайрат» командасының футболшылары мен жаттықтырушылар штабы болған.

Бұл туралы Orda.kz Sports.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Апатқа ұшыраған ұшақтың бортында Бакуден қайтып келе жатқан футболшылар болды. Конференциялар лигасының топтық кезеңінің ойыны өтіп, алматылық «Қайрат» командасы «Карабахқа» ойнады. Тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы халықаралық әуежайында ұшақ пен жеңіл көлік соқтығысып қалғаны хабарланған еді. Оқиға орнынан түсірілген суреттер Telegram каналдардың бірінде жарияланды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар