Антикор «Атамекеннің» экс-басшысы Мырзахметовке қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Orda.kz
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Абылай Мырзахметовтің 7 млрд теңгені мемлекетке қайтарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Тиісті мәлімдеме агенттіктің Telegram-арнасында жарияланды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі заңсыз алынған мүлікті қайтару бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы А.Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері бойынша заңсыз жолмен алынған 7 млрд теңге көлеміндегі қаражат мемлекет кірісіне қосылды», деп мәлімдеді Антикор.
Жалпы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше биылғы жылдың басынан бері аяқталған қылмыстық істер бойынша мемлекетке «шамамен 195 миллиард теңге өтелді».
«Соңғы 2,5 жылда олигополияларды қоса алғанда, Қазақстан халқына 1,09 триллион теңге қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда», деп қосты Антикор.
Абылай Мырзахметов 2022 жылдың ақпанында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы қызметінен кетті. Бұл туралы ол Ұлттық палатаның кезектен тыс IX съезінде өзіне қатысты айтылған сынмен келісе отырып, жариялаған болатын.
2023 жылдың 10 мамырында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-басшысы ірі көлемде пара алды деген айыппен ұсталды. 13 мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Атамекен» ҰКП-ның бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовті аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптап, бес жылға бас бостандығынан айырды.
Жаңалықтар
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі