Американдық доллар бағамы қайта құлдырады

cover

Доллар бағамы теңгеге қатысты арзандады, деп хабарлады Orda.kz Қазақстан KASE қор биржасының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Таңертеңгілік сауда-саттық нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,95 теңгеге арзандап, 429,76 теңге болды. 26 сәуірдегі доллардың ресми бағамы – 429,47 теңге.

Kurs.kz хабарлауынша, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатудың орташа бағамы 431 теңге, сатып алу – 428 теңге.

Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде американдық валюта орташа есеппен 431 теңгеге сатылады, ал 428 теңгеден сатып алынады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар