Алтынтөбедегі ереуілден кейін 31 адамға хаттама толтырылды

cover

5 сәуір күні Шымкент түбіндегі Алтынтөбе ауылында алтын бұйымдарын өндіретін цех директорын ұстап, халық арасында ауылға полиция кіргеніне наразылық туды. Наразылыққа шыққан 31 адамға хаттама толтырылды.

Ақпарат Азаттық Радиосында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 4 сәуір күні Алтынтөбе ауылында 40-қа жуық адам орталық мешіттің алдына жиналған. Олар алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарды шығаратын цех басшысының ұсталып, цех жұмысының тоқтап қалуына наразылық білдіріп, орталық жолды жабуға тырысқан. Полицияға жеткізілген 30-дан астам адамның іс әрекетіне құқықтық баға берілген.

Абай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Клара Аманқызы Алтынтөбедегі орталық мешіт жанына жиналған 31 адамға хаттама толтырылғанын айтты.

— Істі енді қарап жатырмыз. Егер карантин талаптарын бұзғаны рас болса, тұрғындарға айыппұл саламыз, - деді басқарма басшысы.

Тұрғындардың айтуынша, Алтынтөбе ауылындағы цех үш жыл бұрын іске қосылған. Алтын бұйымдарын өндіретін кәсіпорын Diamond Exclusive жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар