Алтын Орда автожолы қашан қолданысқа берілетіні белгілі болды

cover Фото: Айнура Дарибаева

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев Алматыға іссапармен келді. Сапар кезінде Алтын орда базарында жөнделіп жатқан жол жұмысымен танысты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Алматы қаласындағы «Алтын Орда» базары ауданындағы автожол учаскесін реконструкциялау жұмыстарын алдыңғы мердігер компания қарқынды түрде жүргізе алмаған соң, оны жұмыстан шеттетіп, басқа мердігер компания, яғни, «Сине Мидас Строй» компаниясымен келісімшарт жасастық. Қазір осы компания жұмыс жүргізуде. Қазір көріп тұрсыздар, көлік жолайрығындағы жұмыстың 90% бітті.

Қазан айының соңына дейін жұмыс толық аяқталады. Яғни, қараша айының басында пайдалануға беріледі,- деді Камалиев.

Оның айтуынша, жөндеу кезінде жолға зақым келмеген. Облыстық жол зерттханасы оны өз бақылауында ұстап отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар