Алматының әл-Фараби даңғылындағы адам өлімі: полиция тексеріліп жатыр

cover Бейнеден кадр

Алматыда әл-Фараби даңғылында болған өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасынан кейін полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу басталды. Бұл туралы Алматыда өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл жөнінде халықпен кездесу барысында қалалық ПД бастығы Айдын Қабдулдинов мәлімдеді.

«Полиция өз қызметкерлеріне қатысты әрекеттерді тексеріп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша оларға құқықтық баға беріледі. Егер қызметкерлер кінәлі болса, ең қатаң шаралар қолданамыз», — деді Алматы ПД басшысы. 

Қабдулдинов сондай-ақ ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. Тергеушілер әзірге одан жауап алмаған. Палатаға ауыстырылғаннан кейін оған бұлтартпау шарасы таңдалады.

ҚР ішкі істер министрлігі  Алматыдағы жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша бірқатар қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Ішкі істер министрінің тапсырмасымен Алматы қаласында болған резонанстық жол-көлік оқиғасы алғашқы сәттен бастап ерекше бақылауға алынды. Сонымен қатар қазіргі уақытта қоғамда айтылып жатқан барлық уәждер тексерілуде.

Еске салсақ, адам өліміне әкелген жол апаты 21 наурызға қараған түні шамамен сағат 03:30-да әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында болған. Полиция мәліметінше, Zeekr жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, Mercedes көлігімен соқтығысқан.

Mercedes жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, ал Zeekr жүргізушісі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар