Жас жігіттер Алматы Арбатында адам тонаумен айналысқан

cover polisia.kz

Алматы Арбатында жұмыс істеген қарақшылар тобы ұсталды, деп хабарлады Orda.kz.

Қалалық полицияның мәліметінше, топты 21 жастағы Алматы облысының тұрғыны басқарған.

Олар осы аумақты тонау орнына айналдырып, әрекеттерін бірнеше рет қайталағаны анықталды.

– Олар қараңғыда пышақпен қорқытып, өтіп бара жатқан адамдардан ұялы телефондар мен бағалы заттарын алып, қаланың әртүрлі ломбардтарына өткізіп отырған. Күдіктілер жедел іс-шаралар жүргізу барысында ұсталды. Тергеу аяқталғанға дейін жәбірленушілердің тізімін толықтыруға болатындығын жоққа шығармаймыз: мүмкін оларды тонап кеткен адам қандай-да бір себептермен полицияға көмекке жүгінбеуі мүмкін. Қылмыс құралы тәркіленді, - деп хабарлады Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығы Есен Ысқақов.

Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы адамдардың қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, полиция төмендегі телефондар арқылы хабарлауға шақырады:

  • 8-702-430-02-22
  • 8-778-620-82-16
  • 8-775-774-44-41

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар