Алматыға жақын маңда жер сілкінді

cover Фото: freepik.com

Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді, деп хабарлайды Orda.kz. 

ТЖМ мәліметінше, дүмпу кеше, 15 желтоқсан күні сағат 23:23-те тіркелді. 

«Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 15 желтоқсанда Астана уақытымен 23 сағат 23 минутта жер сілкінісі тіркелді», делінген хабарламада.

Жер сілкінісі Қонаев қаласында 3 балл, Алатау қаласында 2 балл, Құрты ауылында 2 балл болып сезілген. 

Зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар